17.02.2021
"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Өзі-өзі тану пәні "Махаббат пен шығармашылық педогогикасы" атты онкүндік іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері А.Жарылқасын 2 "А" сынып жетекшісі және Р.Хавдалкарим 3 "А" сынып жетекшісі бірігіп "Махаббатқа толы жүрек" мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Іс шара аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып,өз өмірі үшін қолдануға бағытталды.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімі А.Жарылқасын 2 "А" сынып оқушылары арасында "Мейірімділік, бейбітшілік, достық" атты сурет байқауын өткізді. Оқушылар байқауға белсене ат салысып, ең үздік деген жұмыстар таңдалынып алынды.