27.03.2021
19 наурыз күні «Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мектепшілік жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушылары «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» тақырыбында құттықтау бейне іс-шарасына қатысты. Оқушылыр өз бейне құтықтауларында ата-аналарын, мұғалімдерді, ауылдастарын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін, тілектерін білдірді.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз - Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!