Бүгін мектебімізде қазақ тілді Гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған онкүндіктің алғашқы күніне арналған іс-шара өткізілді. Бұл күн- қазақ халқының салт-дәстүрінде бұрыннан қалыптасқан "Амал күні" немесе "Көрісу күні" деп аталады. Іс-шараға орай флешмоб ұйымдастырылды, сабақ арасындағы үзілістер кезінде асық ойналып, ұлттық ойындар дәріптелді. Сонымен қатар, амал күні жасалатын жұмыстармен қатар, сәлемдесудің түрлері көріністер арқылы көрсетілді.
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу- бұл көненің желісі еді.
"Жасың құтты болсын!,-деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі.
Көріседі "Көңілдер жібісін" деп,
Көріседі "Тасысын ырысың!" деп.
Көріседі "Көк мұз да жылысын" деп,
Көріседі "Оң болсын Ұлысың" деп.
Көріседі қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі бел буып, бекінуге.
Ағайынды араздық ірітеді,
Ауызбірлік, ынтымақ, үгіт- емі.
Ескі жылда қатқан мұз, қалған сызды,
Көріскен күн көңілмен жібітеді.
Бұзуға бұл дәстүрді еш, бата алмайды,
Тірі пенде тып-тыныш жата алмайды.
"Ырыс алды-ынтымақ, бірлік қой",-деп,
Абыз шалдар алыстан мақалдайды.
Қаймана елді қаратқан ауызына,
Қарттарыма қарсы тіл қата алмайды.
Құшақтасып, көрісіп қуанышпен,
Ауыл-үйдің арасын сапарлайды.