"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алас күні"

13.03.2020

Наурыз мейрамына арналған онкүндік бүгін орыс тілді гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Алас күні" деген атаулы күнмен жалғасты. Іс-шара барысында қазақ халқында сақталған аластаудың түрлерімен таныстырылып, оларды жүргізу жолдары көрсетілді.
Аластау — оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған тазарту тәсiлi, ұшықтаудың бір түрі. Аластау қазақтар арасында көне дәуірден келе жатқан анимистік және тотемдік наным-сенімге негізделді. Аластау — адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әртүрлі әрекеттер арқылы атқарылады. Оттың көмегімен жасалады. Аластау сөзінің түбірі алас от деген мағынаны білдіреді. Сонда аластау рәсімі ежелден орныққан отқа табыну жосынынан бастау алады деуге болады. Ауру-сырқаудың бәрi адамға жын-шайтан, албасты, әзәзiл мен перiлердiң соғуынан жабысады деп саналғандықтан, әрбiр көшкен сайын киiз үйдi де, малды да, мүлікті де аластайды. От тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деген сияқты магиялық сөздер айтады. Мұны жөн білетін, ем-домнан да хабары бар адамдар атқарды. Аластау сонымен бірге, тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылды. Мал індеті шыққан кезде түрлі шаралар жасалған соң арша, адыраспан сияқты өсiмдiктердi тұтатып қораны да аластаған.

 

 

 

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст