"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19 тамыз күні республика бойынша барлық білім ордаларында бірыңғай педагогикалық кеңес өтті.

22.08.2020
19 тамыз күні республика бойынша барлық білім ордаларында бірыңғай педагогикалық кеңес өтті. Жиын барысында әр мектеп жаңа оқу жылына дайындықты пысықтап, өзекті мәселелерді талқылады. Ауқымды жиын мектебімізде онлайн форматта ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
1) 2019 – 2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарын,
тарификацияны және мұғалімдердің апталық жүктемесін бекіту.
2) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
3) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
4) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
5) Қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) Техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) Қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) Педагог имиджі және этикетті сақтау;
6) Мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-
платформасымен танысу;
7) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
8) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?
Мектеп директоры Аубакирова Калдыгуль Байдрахмановна мұғалімдерді 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспары, тарификация және мұғалімдердің апталық жүктемесімен таныстырды.
Мектепте 2020-2021 оқу жылында 1-4 сыныптар ата-аналарының өтініші бойынша кезекші сыныптарға оқушылар қабылдануда. Қазақ тілінде оқитын сыныптарда бүгінгі күні өтініш берген оқушылар саны: 1 сынып-19 оқушы (1 оқушы үйден оқиды), 2 сынып -14 оқушы (6 оқушы қашықтықтан), 3 сынып-6 оқушы (13 оқушы қашықтықтан), 4 сынып-18 оқушы (1 оқушы қашықтықтан);
Орыс тілінде оқитын сыныптар бойынша барлық оқушылардың ата-аналары кезекшілік сыныпта оқуға өтініш берді: 1 сынып-7 оқушы, 2 сынып-9 оқушы, 3 сынып-9 оқушы, 4 сынып-17 оқушы.
Кеңес соңында келесі шешім қабылданды:
1. 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары назарға алынып, дайындық жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталсын. Қадағалауды өзіме қалдырамын.
 
 
Просмотров: 417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст