2020жылы 5 қазанда Шортанды білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен, Шортанды ауданының әкімі Касенов Гайдар Кабдуллаевичтің қатысуымен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұстаздық ұлы қасиет. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағытын сілтеп, өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосқан ардагер ұстаздарымыз, көп жылдар бойы білім саласында қызмет атқарып, әлеуметтік-қоғамдық жұмысқа өз еңбектері сіңген мектеп директорлары, жас мамандар, білімді де білікті аға буын педагогтары қатысты. Осындай іс шараға Степной орта мектебінің жас маманы, математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Амантай Ақерке Айымбеқызы да қатысты. Аудан әкімі сондай-ақ жас мамандарға алғашқы еңбек жолдарына сәттілік тілеп, жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әркеттенуін, шәкірттердің бойына білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге шақырды.