"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітаптың адам өмірінде алатын орны мен маңызы

20.11.2020
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кітаптың адам өмірінде алатын орны мен маңызы туралы өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол.
Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің көптеген елдері OECD және IEA сынды халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысып, нәтижелерін қолданады.
PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдеріндегі өз қатарластарынан едәуір артта қалып отыр.
PIAAC халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша еліміздегі 16-дан бастап 55 жасқа дейінгі азаматтардың да оқу сауаттылығы нашар болып шықты.
Яғни, өкінішке орай, еліміздегі ересек азаматтардың оқу сауаттылығы да төмен деңгейде.
Бұл - бүгін ғана белгілі болған проблема емес, жылдар бойы қордаланған мәселе.
Біздің балаларымыз кітапты оқуға келгенде жалқаулық танытқаны бір бөлек, кейде оқыған мәтінді нашар түсініп, дұрыс қабылдай алмайды.
ТОЛЫҒЫРАҚ - https:// bilimdinews.kz/?p=126719
Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст