Текст
2020 жылдың 25 қарашасында Степной орта мектебінде азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері бойынша еңбек ұжымындағы кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің жиналысы өтті. Жиналысты " Нұр-Отан"партиясының орынбасары Ахмедия Шабданович Кожамсеитов және Шортанды филиалының"Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің аумақтық Қазақстандық салалық кәсіподағының" төрайымы Хаверко Татьяна Сергеевна өткізді.